IELTS-тен әлемдік рекорд орнатты

IELTS-тен әлемдік рекорд орнатты

Алматылық оқушы IELTS бойынша әлемдік рекорд орнатты. 17 жастағы Сая Қыдырәлі халықаралық ағылшын тілі емтиханында ең жоғары нәтиже 9 балл жинады. Ресми статистикаға сәйкес, бұл көрсеткішке үміткерлердің небәрі 0,5 пайызы ғана қол жеткізе алады. Жыл сайын 3,5 миллионнан астам адам IELTS емтиханын тапсырады, ал әлем бойынша орташа нәтиже 6 баллды құрайды. Әлемдік рекордтты жаңартқан оқушымен тілшіміз кездесіп қайтты.