СҚУ Аризона университетінің филиалы қыркүйекте студенттерді қабылдайды

СҚУ Аризона университетінің филиалы қыркүйекте студенттерді  қабылдайды

Қыркүйек айынан бастап Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан университетіне Аризона университетінің филиалына алғашқы студенттерді қабылдау басталады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың шетелдік оқу орнының өкілдерімен кездесуінде белгілі болды.

Өңірлік университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін білім беру процесінде Аризона оқу орнының үздік тәжірибелері қолданылатын болады. Оқыту процесіне сырт ел профессорларын, сондай-ақ жетекші отандық ғалымдарды тарту жоспарланған. Ынтымақтастық шеңберінде білім беру және Академиялық ұтқырлық бағдарламалары әзірленіп, шетелдік профессорлар тартылады. Бұл озық ғылыми зерттеулер мен халықаралық жобаларды жүргізуге мүмкіндік береді. Қазақстандық студенттер үшін қос диплом алу мүмкіндігі беріледі.