Беларусьте қазақ басқарған партизан отряды туралы фильм түсірілді

Беларусьте «1941 жылдың жазы» деп аталатын отандық фильмнің түсірілімі аяқталды. Бұл туынды Ұлы Отын соғысына және Беларусь ормандарында фашистердің шабуылын табандылықпен тойтарған батырларға арналған.

Айта кетейік, фильм кезінде қиян-кескі ұрыс болған жерлерде түсірілген. Картинада партизан отрядын басқарған Әди Шәріповтың жауынгерлік жолы баяндалады. Ол туралы неміс әскерилері жақсы білген көрінеді, алайда жаулар қазақ сарбазы жетекшілік еткен топты қолға түсіре алмаған. Төл туындының тұсаукесері биыл желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Тасболат Меретенов, фильмнің бас продюсері:

- Қазақстанның табиғаты басқа: кең дала, таулар, шөлдер, көлдер. Бірақ оқиғаның өзі Беларусьте болған. Сондықтан экранда шындық болсын деп осы елге келдік.