Нұр-Сұлтанда мемлекеттік қызмет хабының конференциясы басталды

Нұр-Сұлтанда мемлекеттік қызмет хабының конференциясы басталды

Әлемнің 40-тан астам елінің өкілдері елордада мемлекеттік басқару саласында жаңа цифрлық мүмкіндіктерді дамыту мен енгізуді талқылау үшін бас қосты. Нұр-Сұлтанда Мемлекеттік қызмет хабының дәстүрлі конференциясы басталды. Іс-шараға үкіметтік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, ғалымдар қатысуда. Үш күн ішінде қатысушылар цифрлық инновацияларды енгізу, адами ресурстарды басқарудағы ішкі коммуникациялардың рөлі туралы әңгімелеп, сондай-ақ саланы қазіргідей шындықта одан әрі трансформациялау үшін жаңа тәсілдер, шешімдер мен идеяларды талқылайды. Конференция барысында «Астана» мемлекеттік қызмет хабы жүзеге асырып жатқан бірқатар жаңа жобаның, оның ішінде халықаралық жобалардың таныстырылымы өтетінін айта кеткен жөн.

Әлихан Байменов, «Астана» мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы:

- Корея үкіметі қаржыландыратын Орталық Азия мен Кавказ елдері үшін цифрландыру саласындағы мемлекеттік қызметкерлердің әлеуетін арттыруға бағытталған өте бірегей, ауқымды жоба. Сондай-ақ «Зерде» холдингімен бірлескен тағы бір жоба мемлекеттік басқару саласында инновацияларды іздеуге арналған. Біз мемлекеттік қызметте еңбекақы төлеу жүйелеріне бақылаудың алғашқы қорытындыларын таныстырудамыз. Сонымен қатар алғаш рет посткеңестік кеңістіктегі барлық 15 мемлекетті біріктіріп, осы елдердегі әкімшілік реформаларға шолу жасадық.

«Астана» мемлекеттік қызмет хабы елордада 2013 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі таңда ұйым 42 қатысушы ел мен 80 институционалдық серіктестерді қамтиды.

Бахрам Халилов, Әзербайжан мемлекеттік емтихан орталығы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары:

- 8 жылдан астам уақыт бойы ынтымақтастық қатым-қатынаста тәжірибемен бөлісіп, әлемдік озық тәжірибені зерттеп келеміз. Аталмыш хабты үш ел құрғаннан кейін, қазір 40-тан астам ел осы хабтың қатысушылары екені бізді қуантады. Бұл Мемлекеттік қызметтің «Астана» хабының мемлекеттік басқарудағы реформалар саласында, атап айтқанда мемлекеттік қызметте атқаратын үлкен жұмысының маңыздылығын көрсетеді.

Авторы: Ақзер Сегізбай