Ақтауда түркі елдерінің жастары бас қосты
Ақтауда түркі тілдес бес мемлекеттің белсенді жастары бас қосты. Каспий жағасында алғаш рет өтіп жатқан халықаралық форумға Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан 150-ге жуық делегат келген. Олар өз елдеріндегі жастарды қолдау жобаларын таныстырып, жаңа идеялармен бөліседі.
Форум аясында «Серпіліс», «Сана», «Саулық» және «Сауат» бағыттары
бойынша панельдік сессиялар мен воркшоптар ұйымдастырылған. Қатысушылар пікір
алмасып, тәжірибе бөліседі. Киелі Маңғыстауға алғаш келген шетелдік делегаттар
форумның берері мол екенін айтады.

