Картопты қымбат сатқандар анықталды
Ақмола облысында картопты негізсіз қымбаттатқан
кәсіпкерлер анықталып, оларға әкімшілік шара қолданылды. Аймақтағы 4 сауда
орнында көкөніс бағасы белгіленген 15 проценттік үстемеден қымбат саудаланған.
16-дан 34 пайызға дейін қосылған. Осылайша, бір келісі 290-350 теңге аралығында
сатылған. Соның салдарынан 9 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7-не
ескерту жасалды, ал екеуіне 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

