Қазақстанда орман өрттерін ерте анықтау жүйесі іске қосылады

Қазақстанда орман өрттерін ерте анықтау жүйесі іске қосылады

Қазақстанда орман өрттерін ерте анықтау жүйесін іске қосу жоспарлануда. Ол өрт ошақтарын дер кезінде анықтауға және уәкілетті органдарға ақпаратты шұғыл жеткізуге мүмкіндік береді. Оның шеңберінде ұлттық саябақтарды, қорықтарды және ерекше қорғалатын аймақтарды тәулік бойы бейнемониторинг жүйесімен және тәуелсіз түтін датчиктері желісімен қамту көзделген. Сонымен қатар дрондарды пайдалану қарастырылған. Олар шешім қабылдау орталығын өзекті ақпаратпен қамтамасыз етіп, жалынды оқшаулау және жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруге көмектеседі. Сондай-ақ, аппараттар қауіпсіз эвакуациялау жолдарын әзірлеу, зардап шеккендерді іздеп табу және құтқару үшін пайдаланылады.