Мемлекет басшысы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты қабылдады

Мемлекет басшысы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрін қабылдады. Өзі жауап беретін салада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндаған Дәурен Абаев азаматтардың жекелеген санаттарының кірісін арттыру шаралары қабылданғанын айтты. Атап айтқанда биыл мәдениет, өнер және спорт мекемелері қызметкерлерінің жалақысы өскен. Кездесуде кітап шығару, мұрағат қоймаларын жаңғырту мен цифрландыру жайы айтылды. Сондай-ақ, қазақстандық спортшылардың халықаралық ірі жарыстарға, 2024 жылы өтетін Олимпиада ойындарына дайындық мәселесі де жеке қарастырылды. Мемлекет басшысы министрлікке бұқаралық және балалар спортын дамыту, ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттау жөнінде бірқатар міндет жүктеді.