Вакансиялар жәрмеңкесі
Келесі жаңалығымыз екі қолға бір күрек
іздеп жүргендерге арналады. Егер Шымкент қаласында тұрсаңыз, әрі жұмыс іздеп
жүрсеңіз, онда «Көрме» орталығына барыңыз.
Өйткені онда вакансиялар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Аймақтағы кәсіпорындар мен
компаниялар шамамен 1600-ге жуық жұмысшыға орын ұсынбақ. Бұдан бөлек, Шымкент
қаласының әкімдігі өз кәсібін ашып, экономикаға үлес қосам деушілерге гранттар
ұсынады. Оны қалай алуға болады? Келесі материалда түсіндіреміз.
«Көрме» деп аталатын мына
орталықта бүгін жұрт қарасы көп. Өйткені Шымкенттегі жұмыс берушілер
қызметкерлерге іздеу салып жатыр. Қысқасы, ашық вакансиялар жәрмеңкесі
ұйымдастырылған. Шамамен 1600-ге жуық тұрақты жұмыс орынымен 2 мыңға жуық
уақытша жұмыс орны бар. Бұдан бөлек, Еңбек мобильдігі орталығы да арнайы
мамандықтарға оқытып, одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін береді. Қазір
орталық базасында да бір жарым мың вакансия тұр. Шымкент тұрғындарына грант
алып, бизнес бастауға да мүмкіндік беріледі.
Бағдат Арқабаев, Шымкент қаласының
Еңбек мобильдігі орталығының директоры
- Жәрмеңке қала әкімі тапсырмасымен
өтіп жатыр. Бұл жерге тек бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ғана емес, бұнда
қайтарымсыз грант алған азаматтар да шақырылды. 60-қа жуық грант иегері келіп,
өздерінің шығарып жатқан заттарын ұсынып отыр. Сондай-ақ қысқа мерзімде оқу
оқыған 25 адам келді.
Кәсіпкер Рәмилә Құттыбаева биыл тамыз
айында сондай грант иегері атанғандардың бірі. Қолөнерші үйге қажетті жабдықтарды
тігумен айналысады. Кәсібі кеңейіп, енді қасына көмекші болатын адам іздеп жүр.
Рәмилә Құттыбаева, кәсіпкер:
- Қазір қасыма тағы екі адам алдым. 5
жыл бұрын жалғыз өзім бастаған едім осы істі. Грант ұтып алған соң машиналар
алып, өсіп жатырмыз. Қазір жұмысшылар саны артып, үлкейіп жатырмыз.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп отыр.
Ал ұсынылған вакансиялар тізімімен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков танысқан.
Бірінші кезекте Шымкентте мұғалімдер, құрылысшылар, инженерлер, агрономдар мен
тігіншілер қажет болып тұр.

