Астананың ЖОО Еуропалық кино марафоны басталды

Елордадағы үш жоғарғы оқу орындарында еуропалық кино марафоны аясында 4 фильм ұсынылады. Олар Болгария, Испания, Латвия және Португалия елдері киноөндірісінің үздік туындылары. Соңғы аталған кәрі құрлық мемлекетінің «My Grandfather’s Demons» картинасы шараның шымылдығын ашты. Айта кетейік, бұл португалиялық сала майталмандарының жұмысы биыл үздік анимациялық фильм аталымында Гоя сыйлығының иемденген.  Онда адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың маңызы баяндалады. Қазақстандағы Португалия Елшісі Мария де Фатима Мендестің айтуынша, мұндай шаралар түрлі мәдениеттер арасында көпір құрудың тиімді құралы.

Мария Де Фатима Мендес, Қазақстандағы Португалия елшісі:
- Мен Қазақстанда киноөндіріс саласының жақсы дамығанын білемін. Жақсы фильмдер, режиссерлер мен актерлер көп. Олар көтеретін тақырыптар мен оқиғалар желісінің мән маңызы айрықша. Түрлі кино байқауларында жүлдеге ілігіп жүр. Сондықтан бізде Португалия елінде Қазақстандық кинотуындылар тамашалауға ниеттіміз.

Еуропа кинофестивалінің бағдарламасы 2 қарашада латвиялық фильммен аяқталады. Ол киномарафонға ұсынылған басқа фильмдер сияқты ең беделді халықаралық фестивальдердің жеңімпазы және номинанты болып табылады.

Кестутис Янкаускас, Қазақстандағы Еуропа Одағының елшісі:  
- Біз көбінесе жастарға арналған фильмдерді таңдадық, олар әдетте, жарқын, әсерлі, динамикалық және өте қызықты. Жастардың әсерін көргіміз келді. Қазіргі таңда тараптар арасындағы саяси және экономикалық сала қарқынды дамып келді. Соңғы бір жылда ЕуроОдақ пен Қазақстан арасындағы орнаған ынтымақтастық жоғары деңгейге көтеру үшін шынымен де көп жұмыс жасалды. Бізді адамдар біріктіреді. Ал адамдар бір-бірін білім, мәдениет, әдебиет, кинематография арқылы таниды.