Ел бойынша қылмыс 13% азайды
Биылғы 3
айда ел бойынша 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Сондай-ақ, 69 есірткі
зертханасы жойылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәднов мәлімдеді.
Жалпы, жыл басынан бері елде қылмыс 13 процентке азайды. Атап айтқанда, кісі
өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, тонау, мал ұрлығы, қарақшылық
және бұзақылықтың саны төмендеді. Қоғамдық орындарда және көшелерде жасалған
құқық бұзу деректері де азайды. Алайда интернет-алаяқтар айылын жияр емес. Жыл
басынан бері 5 жарым мыңнан астам факт тіркелген. Қылмыстық схемаларды
пайдаланған 14 мың интернет-ресурс және 15 мыңнан астам банк шоты бұғатталды.
Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғамда «Заң мен Тәртіп»
қағидатын нығайту жұмысы жалғасатынын айтты.

