Аспандағы белгісіз жарық құбылысының себебі түсіндірілді

Аспандағы белгісіз жарық құбылысының себебі түсіндірілді

«Бұл орбитада бұрын болған ғарыш нысандарының бірінің атмосфераға енуімен байланысты болған жағдай». Цифрлық даму министрлігі елдің орталық және оңтүстік облыстарындағы ерекше құбылысқа қатысты осындай түсініктеме берді. Желіде тараған видеолардан ұзаққа созылған жарық жолы мен жалындаған нысанның ұшып бара жатқаны анық көрінген. Халықаралық ғарыштық бақылау ұйымдарының дерегінше, дәл осы уақытта атмосфераға Қытайдың Zhuque-2 (Чжуцюэ-2) зымыранының үдеткіш блогы енген. Бұл зымыранды 17-ші мамырда LandSpace (Лэнд Спейс) компаниясы ұшырған, ал 5 маусым күні Астана уақытымен шамамен 22:40-та жану процесі басталған. Экологиялық таза отын – метан мен оттегінің қоспасын пайдаланатын зымыран атмосферада от алып, жарықтың айқын көрінуіне себеп болған. Мамандардың айтуынша, бұл — табиғи емес, бірақ қалыпты ғарыштық құбылыс.