«Junior Eurovision-2021»: ұлттық іріктеуге қабылдау жалғасуда

«Junior Eurovision-2021»: ұлттық іріктеуге қабылдау жалғасуда

«Junior Eurovision-2021» байқауына өтінімдер jevision.khabar.kz сайтында 6 қазан күні сағат 00:00-ге дейін қабылданады.

7 қазан күні сағат 19.00-де Қазмедиа орталығының 21-қабатында «Балалар Евровидениесі» халықаралық байқауының Ұлттық іріктеуі, қазылар алқасының отырысы өтеді.

Ұлттық іріктеу кезеңінде қазылар алқасының мүшелері jevision.khabar.kz сайтында интернет-дауыс беру кезеңіне өтетін өтінімдердің арасынан ең мықты 30 қатысушыны таңдайды. Интернет-дауыс беру қорытындысы негізінде 19 желтоқсан күні Парижде өтетін финалда Қазақстанның атынан шығу құқығы үшін жарысатын 10 финалистің есімдері анықталады. Бірінші кезеңнің қорытындысы Ұлттық іріктеудің jevision.khabar.kz ресми сайтында жарияланады.

Айта кетейік, аталмыш байқауға Қазақстанның осымен төртінші мәрте қатысуы.