Ұлттық ақпараттық технология өнімдері шетелде ұсынылады

Бейінді ведомство мен егов кз-тің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы тиісті меморандумға қол қойды. Сонымен қатар аталмыш ынтымақтастық халықаралық нарықтарда мемлекеттік қызметтер көрсету саласында тәжірибе алмасуды көздейді.

Ростислав Коняшкин, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы:

- Бұл электронды үкімет, мемлекеттік қызмет көрсету, есеп жүйесі сияқты жобалар, сондай-ақ, экономика салаларын цифрландыру бойынша жеке жобалар. Соның ішінде, Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл цифрлық аймақтық хаб ретіндегі еліміздің ұстанымын айтарлықтай нығайтады деп ойлаймыз.

Қазіргі уақытта eGov.kz «электрондық үкімет» порталын пайдаланушылар саны 13,5 млн-нан асады, 415 млн-ға жуық қызмет пен сервис алынды. БҰҰ-ның 2022 жылғы рейтингіне сәйкес біздің еліміз электронды үкіметті дамыту бойынша 193 мемлекеттің арасында 28-ші орында.