Бала қауіпсіздігі – басты назарда

Мектеп жасындағы балалар алаяқтардың оңай нысанасы. Ғаламторда жиі уақыт өткізетін оқушылар алаяқтардың алдап-арбауына жылдам көнетін көрінеді. Жалпы, қазіргі қоғамда балалар қауіпсіздігі маңызды мәселеге айналған. Бүгін Астана қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен, нөмірі 91-ші мектеп-лицейінде арнайы мамандардың қатысуымен кездесу өтті.