Қазақстанда ғылымға бөлінетін қаржы жылына 240 млрд теңгеге жетуі мүмкін

Оның айтуынша, су қауіпсіздігі, қалалар мен агломерациялардың даму перспективалары, сондай-ақ кванттық технологиялар мен нанотехнологияларға қатысты мәселелер ғылымды дамытудың басым бағыттарына жатады. Сонымен қатар жоғары аталғандар Ұлттық ғылыми кеңес деңгейінде де, Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия деңгейінде де келесі талқылауларда көрініс табады. Сондай-ақ Жоғары білім және ғылым министрлігі өкілінің айтуынша, соңғы жылдары зияткерлік әлеуеті жоғалып кеткен салалар бар. Бұл ең алдымен, инженерлік-технологиялық бағыттарда көрініс табуда.

Дархан Ахмед-Заки, Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы:

- Нақты бір өнімді индустриялық кәсіпорынға айналдыру үшін технологилық тұрғыда жабдықталған цехтар болуы керек. Ғылымның өндірістік бөлігі соңғы жылдары жеткілікті деңгейде қаржыландырылған жоқ. Біз университеттер жанынан осындай өндірістер қарастыруға ұсыныс тастадық. Бұл бастамаларымыз нақты бағдарламаға енгізіледі