ЕАЭҚ елдері бірлескен туристік маршруттар құрады
ЕАЭҚ елдері бірлескен туристік мартшруттар құруды жоспарлап отыр. Бүған қоса келушілерге арнап көрнекті орындар мен аймақтар біріктірілген ақпараттық ресурс жасалады. Одақ елдері, ең алдымен танымдық туризмге басымдық береді. Бұл тұста тісқаққан тәжірибелі туристердің талап тілегі ескерілетін болады.
СЕРГЕЙ ТКАЧУК, ЕЭК САРАПШЫСЫ:
- Мұнда туристік сапарлар, саяхаттар тарихи және мәдени мұралармен, халықтың тұрмыс-тіршілігі, дәстүрімен таныстыратын нысандар енгізілді. Бірнеше керемет музейді мысалға алсам болады. Атап айтсам, Архангельск облысындағы көне мұралар музейі. Сонымен қатар Қырғызстандағы Саймалуу Таш музейін мамандар жиі ұсынады. Мұндай ашық аспан астындағы музейлер Қазақстан мен Белорусьте де өте көп.