Жастар - жақсылықтың жаршысы
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана жастары қайырымдылық жасауға
шықты. Елордадағы жалғызбасты қарияларға қол ұшын созып, аулаларын қардан
тазартып жүр. Ал, көпқабатты тұрғын үйлерде тұратын қарттардың үйін жинап,
дүкеннен азық-түлік әкелуге қолғабыс етеді.

