Астана халықаралық форумы 8-9 маусымда өтеді
Шара Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен ел астанасында 8-9 маусымда өтеді. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Айта кетейік, жаңа диалог алаңында шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды өкілдері жиналады.