Қызметтік иттер 120 қылмысты ашуға көмектесті
Жетісу облысында былтыр 120 қылмыс қызметтік
иттердің көмегімен ашылған. Қазір өңірде 23 осындай ит бар. Бірі есірткі
заттарын іздеуге бейім болса, екіншісі жарылғыш құрылғыларды табуға
машықтанған. Ал, кейбірі күзетшінің қызметін атқарады екен.

