11 қаңтар күні Мемлекет басшысы Мәжілісте сөз сөйлейді
11 қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте сөз сөйлейді. Бұл жайлы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеуінде айтып өтті.
Айта кетейік, елімізде лаңкестікке қарсы операция жалғасуда. Полиция, Ұлттық Ұлан және армияның күшімен Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыс атқарылып жатыр.