Бибісара Асаубаева FIDE-нің рейтингісі ең жоғары шахматшысын жеңді

Алғашқы ойында қыздар командасы рапид бойынша 4 раунд өткізді. Кездесудің бірінші күнінде ойын нәтижесі шетелдік спортшылардың пайдасына шешілді. Есеп 13,5:18,5. Хоу Ифань Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлікпен тең түсіп, Меруерт Камалиденованы жеңді, ал, Бибісара Асаубаевадан ұтылды. Айта кетейік, Бибісара – 2021 жылы блицтен шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, ал, 2022 жылы блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанса, Нью-Делиде өткен ФИДЕ Гран-при турнирінде екінші орын иегері. Қос мықты арасындағы ойын 19 сәуірде блиц бойынша 8 раундта жалғасады. Матчтың үздік командасы осы ойында анықталмақ.