Астанада балалар үшін жайлы қос аула ашылды
Бәрі балалар үшін! Астанадағы тұрғын үй кешендерін жайлы әрі қауіпсіз етіп жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жолы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Сарайшық ауданындағы қос үйдің ауласына спорт кешені мен балалар ойын алаңы қойылды. Әрине, бұған бірінші сол ауланың кішкентай тұрғындары қуанышты.
Бұл Астананың
Сарайшық деп аталатын жаңа ауданындағы қос тұрғын үй кешені. Екеуінің де ауласы
толық жаңартылып отыр. Ең бастысы балалардың асыр салып ойнауына барынша
мүмкіндік жасалған. Ескі аулалар «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында
жаңартылыпты. Әрине, әткеншекке отырып, еркін доп тебуге арналған алаңның
салынғанына ең бірінші қос ауланың кішкентай тұрғындары қуанышты. Ата-ананың да
айтып жатқан рахметі шексіз.

