ҚР Президенті белгілі жазушы Сұлтан Оразалиннің отбасына көңіл айтты

ҚР Президенті белгілі жазушы Сұлтан Оразалиннің отбасына көңіл айтты

Журналист, жазушы, теледраматург әрі қоғам қайраткері Сұлтан Оразалин 80 жасында өмірден озды. Ол – еліміздегі көркем телевизияның негізін салушылардың бірі. Қызмет жолында жүздеген әдеби телесценарий мен телепьеса туып, көгілдір экранда қойылды. Олардың ішінде «Сұхбат», «Қымызхана», «Кездесу», «Шұғыла», «Айтыс», «Халық қазынасы», т.б. хабарлар циклі мен «Кек», «Отырар ойраны», «Өлім фабрикасы», «Қашқын» т.б. телеқойылымдары халыққа кеңінен танылды.

Сұлтан Оразалин ауыз әдебиеті жанрларын, оның ішінде айтыс, терме, жыраулық өнерді қайта жаңғыртып, көгілдір экранда насихатталуына зор үлес қосты.

Марқұмның қазасына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сұлтан Оразалиннің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Президент өнегелі ғұмыр кешіп, соңына әдеби мол мұра қалдырған Сұлтан Шәріпұлының жарқын бейнесі ұмытылмайтынын айтты.