Атырау облысында «Сарайшық» визит орталығы ашылады

Орталықта алты экспозициялық зал, сондай-ақ көрме павильоны орналасады. Сонымен қатар бірқатар құнды бұйымдар көрмеге қойылмақ. Тағы бір айта кетерлігі, мұнда елімізде алғаш рет Қасым хан мен Бату ханның бейнелері көрсетіледі. Сондай-ақ Сарайшық қаласының материалдық мұрасы, әр уақытта осы жерден табылған жәдігерлер қойылып, ғылыми тұрғыда қайта жасалған қаланың макеті де келушілер назарына ұсынылады. Барлық экспозициялар мультимедиялық үлгіде. Бұл орталық қонақтарына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ақпарат алуға мүмкіндік береді.