Астана-Бурабай бағытында жаңа пойыз жолға шықты
Енді Астана мен Бурабай арасында Қазақстанда жасалған су жаңа электр пойызы жүреді. Бұл Астана қаласы мен Ақмола облысы әкімдіктерінің және «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының бірлескен жобасы. Бүгін алғашқы жолаушылар Бурабайға аттанды.

