ҚХА мүшелері қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Елімізде тұрақтылықты нығайту мен бейбітшілік пен келісімді сақтауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше рөл атқарып келеді. Тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасу мен даму сатыларынан қиындықты елмен бірге еңсеріп өткен ұйым бүгінде шын мәнінде ұлттық саясатты жүзеге асырудың қуатты құралына айналды. Ұлтаралық, этносаралық достықтың символына айналған ұйымға биыл – 25 жыл. Ұйым мүшелерінің айтуынша, Қазақстан халықтарының достастығы – болашақ ұрпаққа қалдырар асыл мұра.
НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ, ТЕХНИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙДІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Тәуелсіздік күні қарсаңында барлық жерлестерімізді, қазақстандықтарды осындай қуанышты, өзіміз үшін ерекше күнімізбен шын жүректен құттықтаймын! Ең біріншіден, біздің елімізде тыныштық, ұлтаралық, этносаралық келісім болсын! Соған тілектеспін. Бізде, Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Бұл – біздің бақытымыз, бұл біздің келесі ұрпаққа қалдыратын үлкен бір мұрамыз деп айтсам дұрыс.
ДИНАРА НҰРӘЛИЕВА, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ #34 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға денсаулық тілеймін. Әр үйіңіз әрқашанда жағымды жаңалықтарға толы болсын! Қазақстан – бейбітшілік және келісім мекені.