3,9 млн қазақстандық оқушы жаңа оқу жылын бастады

3,9 млн қазақстандық оқушы жаңа оқу жылын бастады

Қазақстанда 1-қыркүйек-білім күні. Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам  бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Оның 70% жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді. Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Алматы қаласында, Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген. Жаңа оқу жылында түлектер саныда  рекордтық көрсеткішке жетті. 11-сыныпта 188 900 шәкірт оқиды. Бүгін елімізде барлығы 7 700 орта білім беру ұйымы есігін айқара ашты. Отандық оқушыларға 340 мыңнан астам ұстаз тәлім береді. Жалпы жаңа оқу жылында 4 млн жуық қазақстандық оқушы білім алады. Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаевтің айтуынша, жалпы 2023-2024 оқу жылында 132 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп пайдалануға берілмек.