Салт аттылар Сарыарқаға жетті

Салт аттылар Сарыарқаға жетті

Қытайдан шыққан салт атты саяхатшылар Сарыарқаға жетті. Ерлі-зайыпты екеу Қуанбек Түсіпханұлы мен Жайна Еркінқызы осыдан 69 күн бұрын Тарбағатай өлкесінен жолға шыққан. Жетісу жерін кесіп өтіп, Бетпақдала мен Балқашты бауырлай жүріп, кеше Қарағандыға аман- есен жетті. Жол бойы қазақ даласының дархандығына, жергілікті халықтың қонақжайлығына куә болдық дейді. Ерлі-зайыптылардың мақсаты - Астананы көру. 12 жыл отасқан  жұп сол үшін 2 жарым мың шақырымнан астам жолды 70 күн жүріп өткен. Қытайдан 8 тамыз күні шыққан. Кеден талабына сай өз аттарын шекарада қалдырыпты. Сондықтан Қорғаста арғымақтарын ауыстыруға тура келген. Ал, Алматы өңіріне  қыркүйекте жеткен. Кеше ғана кеншілер қаласына аялдаған аттылы екеу енді Астанаға бет алды.