Арыс өзенінен жүз жыл бұрынғы арба табылды

Арыс өзенінен жүз жыл бұрынғы арба табылды

Жүз жыл бұрынғы арба. Түркістан облысы Арыс өзенінен осыдан 1 ғасыр бұрын жасалған арба табылды. Екі доңғалағы ғана сақталған арба су түбінде ұзақ жыл жатқан. Қажымұқан атындағы облыстық музейдің мамандары оны құнды жәдігерге жатқызады. Мамандар темір бөлшектері мен құрастыру технологиясына қарап 1920-1940 жылдары қолданылған деп болжап отыр. Қазіргі таңда артефактіні қалпына келтіру жүргізіліп жатыр. Зерттеу жұмыстары басталып кеткен.

Ерік Әшірбердиев, облыстық Қажымұқан спорт музейінің сектор меңгерушісі:

- Алдағы уақытта білікті маман, реставраторларды Отырар музейіне шақыртып, олардан кеңес аламыз. Реставрация жөнінде жұмыс атқарамыз деген мақсатымыз бар.

Айта кетейік, осыған дейін бұл маңда құмыра мен тұрмыстық ыдыстар табылған еді. Барлық археологиялық жәдігер жергілікті Ишан базар мешіт-музейінде сақтаулы тұр.