Алматыда Орталық Азияда тұңғыш рет онкологиялық науқастарды емдейтін цифрлық қондырғы орнатылды
Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып, онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдейтін цифрлық-инновациялық жүйені ендірді. Терапия кезінде қатерлі ісікке қарсы асқан дәлдікпен сәулелендіру әдісі қолданылады. Мамандар ем қалай жүріп жатқанын сол сәтте бақылап отырады. Айта кетсек, бұл жүйе тізбектің жылдамдатқышпен тікелей байланысқандықтан, обырды емдеу кезінде сәулелердің бағытын реттеп отыруға мүмкіндік береді. Осының арқасында, науқастың сау дене мүшелері мен ағзасына зақым келмейді. Бұндай заманауи ем қатерлі дерттің бастапқы және асқынған түрлерін шипаландыруға арналған. Айта кетейік бұл жүйе әлемдегі жетекші онкологиялық орталықтарда қолданылады.
Евгений Ишкинин, Алматы қ. Онкологиялық орталығы бөлімінің меңгерушісі:
– Бұл қондырғы бізге қатерлі ісіктің дәл ортасына жетіп, ем жіберуге мүмкіндік береді. Оның үстіне, сау дене мүшелеріне және ағзаға зақым келтірмейді. Осылайша, адамдардың барынша емделуіне жағдай жасайды десем, артық айтқаным емес. Бұны жасанды интеллектпен салыстыруға да болады. Себебі, ол бізге, яғни, дәрігерлерге аурудың ошағын тауып, дұрыс ем қолдануға көмектеседі.