Жолаушы тасымалының кірістері 40 млрд теңгеден асты

Қазақстанда автобуспен жолаушы тасымалы бір жыл ішінде 17 процентке өсті. Үстіміздегі жылдың басынан бергі бес айда аталған сектордағы компаниялардың кірістері 40 млрд теңгеден асқан. Аталған уақыт кезеңінде 2 миллиардқа жуық қазақстандық діттеген жеріне автобуспен жеткен, деп хабарлайды Рэнкинг порталы. Сонымен қатар, жүк тасымалымен айналысатын компаниялардың табыстары 40 процентке өсіп, 104 млрд теңгеден асқан.