Илон Маск Байқоңырға келуі мүмкін

Илон Маск Байқоңырға келуі мүмкін

Атақты Илон Маск Байқоңырға келуі мүмкін. Өнертапқышты Ричард Бренсон мен Джефф Бэзос сынды танымал тұлғалармен бірге ғарыш айлағына «Роскосмос» мекемесі шақырды. «Ғаламат үш ғарыш энтузиасті біздің жобаға Байқоңыр төрінде куә болса, керемет болар еді», – деді Дмитрий Рогозин ресейлік телеарнаға берген сұхбатында. Ұсынысты құп алған жағдайда олар ерекше экипажы бар «Союз МС-19» кемесін ұшыру салтанатына қатысады.

Айта кетейік, қазанның 5-і күні көкке көтерілетін экипаж орбитада көркем фильм түсірмекші. «Вызов» атты картина – ресейлік «Роскосмос» мекемесі мен ресейлік телеарнаның бірлескен ағартушылық жобасы. Ғарыш тақырыбындағы картинада басты рөлді Юлия Пересильд сомдамақ. Актрисамен бірге орбитаға кеме командирі, ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров, режиссер және оператор Клим Шипенко көтеріледі.