Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізуде

Шетелдік саяхатшылар ағынын ұлғайту ең алдымен  еліміздің туристік әлеуетін арттырудың қамы. Сондай-ақ Үкіметте Қазақстанға электрондық виза ресімдей алатын және шақыру туралы талаптың күшін жоятын мемлекеттер тізбесін кеңейту мәселелері пысықталуда. Сонымен қатар БАӘ тұрғындары үшін визаларды жеңілдетілген түрде беру мәселесі талқылануда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Қытай өзара азаматтарын визалық талаптардан босатуды жоспарлап отырғаныны айтылды.