Шымкент: Қала экономикасы 12 пайызға өсті
Шымкенттегі жаңа әуе терминалы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл транзиттік рейстер мен жүк тасымалын жүйелеп, бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Одан бөлек логистикалық орталық аумағы кеңейтіліп жатыр. Қазір қаланы Орталық Азиядағы көлік-логистикалық хабқа айналдыру бойынша жоспарлы жұмыс жүріп жатыр.
Шымкенттегі мультимодалді
әуе терминалы жүктерді жинау және тарату бойынша бәсекеге қабілетті әрі сапалы
қызмет көрсетуге негіз болмақ. Қазірдің өзінде миллион тұрғыны бар қала арқылы
өтетін транзиттік әуе рейстерінің саны артқан.

