Саммитке дайындық: жаңа сәулет нысандары салынды
Түркі әлемінің назары - Түркістанда болады. Мұнда 15 мамырда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін өткізбек. Қазір қалада үлкен дайындық жүріп жатыр. Тарихи басқосу қарсаңында шаһарда бауырлас елдердің тұтастығын бейнелейтін бірегей сәулет нысандары бой көтерген.
Қасиетті шаһарға қадам басқан меймандарды әуелі осы алып
Тайқазан қарсы алады. Биіктігі 10 метрден асатын металл конструкция — береке
мен бірліктің символы. Тұғырында түркі жұртының ортақ белгісі — ай мен жұлдыз
бедерленсе, қазан бетіне Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбар хадистері жазылған.
Одан бөлек, саммит қонақтарын 9 гектар аумақты алып жатқан жаңа Этноауыл күтіп
тұр. Оның бас нысаны - Ақ Орда. Биіктігі 15 болатын алып киіз үй небәрі екі
жарым ай ішінде салынған.

