Жаңа үйдің кілті табысталды

Жаңа үйдің кілті табысталды

Астанада үйі апатты деп танылған тұрғынға жаңа баспананың кілті табысталды. Демеушінің қаражатына салынған шаңырақ небәрі бір айда бой көтерді.

Астаналық Зүлфия Күлтаева бірнеше жыл бойы үреймен күн кешіп келді. Жаңбыр жауса тозығы жеткен үйін су басатын. Жағдай көктемде тіптен ушыға түсіп, топан бәрін жайлайтын. Бірақ, қазір бұл қиындық артта қалды.