Президент теннисші Елена Рыбакинаны қабылдады

Өз кезегінде Елена Рыбакина алдағы уақытта да беделді халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.Мемлекет басшысы қазіргі таңда елімізде 30 мыңнан аса адам тенниспен шұғылданатынына тоқталды. Оның 10 мыңнан астамы – 10 жасқа дейінгі балалар. Осы спорт түріне бұқаралық сипат беру мақсатында еліміздің 17 аймағында теннис корттары салынды. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада алғаш рет өтетін Билли Джин Кинг кубогы үшін дода мен Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алған отандық теннисшілерге сәттілік тіледі.

Елена Рыбакина, қазақстандық теннисші:

- Бүгін мен таңертең Мемлекет басшысымен кездестім. Әрине, қызықты, жылы кездесу болды, жалпы бәрі жақсы өтті. Болашақ жоспарларыммен бөлісіп, алдағы турнирлер туралы айттым, ертең осында Қазақстанда өнер көрсетемін. Кортта әріптестерімді кездестіретініме қуаныштымын. Жалпы, командамызбен жақсы ойын көрсетіп, жеңіске жетеміз деп сенемін. Алдағы уақытта да елімді жеңістеріммен қуанта беремін.