Батыс Қазақстан облысында қос кітапхана жаңғыртылды
Батыс Қазақстан облысында оқырмандардың қызығушылығын арттыру үшін кітапханаларға озық әрі жаңа әдіс-тәсілдер енгізіліп жатыр. Осылайша наурыз мейрамына дейін өңірдегі 25 кітапхана жаңа кейіпке енбек. Тәуелсіздік күні «Ауыл кітапханаларын жаңғырту» жобасы аясында қос нысан жаңартылып, «Jana klub» орталықтары көпшілікке таныстырылды.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры
қолдаған жоба еліміз бойынша алғаш рет Ақ Жайық өңірінде бастау алды. Бәйтерек
ауданына қарасты Дариян ауылында заманауи ақпараттық технологиялармен
жабдықталып, қауымдастық орталығына айналған кітапхана таныстырылды. Игі
бастама ауылдық жерде білім беру, мәдениет және ақпараттық қолжетімділік
деңгейін арттыру мақсатында жүзеге асырылды.

