Алдағы үш жылда 1123 ауыл интернетпен қамтылады
Мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы электронды
форматта көрсетіледі. Бірақ, цифрлық технологиялар кейбір ауыл халқы үшін әлі
арман. Себебі, шалғай елді мекендерде интернет мәселесі әлі шешілмеген. Қандай
да бір қызмет алғысы келетіндер қалаға қатынайды. «Ал, осы салаға бөлінген
қаражат тиімсіз пайдаланылады. Тек жеке компаниялардың қалтасын ғана қампитып
отыр. Жауапты министрлік бос уәде беріп, құрғақ қасықпен ауыз жыртып келеді».
Мәселеге қатысты депутат Мұрат Әбенов осылай деді.

