АИ-92 маркалы бензин бағасы қымбаттайды - фейк ақпарат
Тағы фейк ақпарат
бензин бағасына қатысты тарады. Яғни, жанар-жағармай бағасы күрт көтерілмейді.
Энергетика министрлігі әлеуметтік желілерде бұл мәселеге қатысты тараған
қауесетке бүгін осындай ресми жауап қатты. Әңгіменің төркіні - Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше елдер арасында мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ
нарығын құру туралы келісімнен кейін шыққан. Алайда министрлік баға мемлекеттің
бақылауында деп отыр. Ал, ортақ нарық құру процессі кезең-кезеңімен
жүргізілмек. Бұл жақын арада баға басқа елдермен автоматты түрде теңеседі деген
сөз емес, негізінен жұмыстар заңнаманы үйлестіруге бағытталған. Десе де
көршілес мемлекеттермен баға айырмашылығының салдарынан жанар-жағармайды елден
заңсыз шығару тыйылмай тұр. Бұл ішкі нарықта өнімнің тапшылығына әкеледі.
Сондықтан ведомство алдағы уақытта бағаның көтерілетінін де жоққа шығармайды.
Тек әзірге мораторий жарияланған. Айта кетейік, Қазақстанда қазір АИ-92 маркалы
бензиннің бағасына мораторий жарияланған. Бұл шара инфляцияны тежеу үшін
енгізілді.

