6 айда 285 адам саудаланған
Елімізде соңғы 6 айда адам саудасына
қатысты 285 оқиға тіркелген. Оның 28-і балалар. Былтыр дәл осындай 445 іс
қозғалыпты. Жалпы соңғы 5 жылда адам саудасына қатысты қылмыстар 20 пайызға
азайған. Әсіресе, адам азғаларын заңсыз алу мен адамды саудалауға қатысты
фактілер едәуір төмендеген. Ал керісінше, жезөкшелерге жеңгетай болып, сауда
жасайтындар 60 пайызға артыпты. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, адам
саудасының негізгі құрбандары – жеке басын
куәландыратын құжаты жоқ адамдар, жұмыссыздар, баспанасыздар, мүмкіндігі
шектеулі азаматтар және заңсыз мигранттар.

