Елордада ашық аспан астындағы кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды

Елордада ашық аспан астындағы кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды

Сүйікті жазушылармен автограф сессиялар, белгілі басылымдарды безендірген иллюстраторлармен кездесулер, жас қаламгерлермен танысу және оригами жасаудан шеберлік сағаттары. Елордада алғаш рет ашық аспан астындағы көрме-жәрмеңкесі ашылды.

«KitapTime» шарасында отандық баспалар мен дипломатиялық елшіліктері ұсынған кітаптармен қатар, ұлттық қолжазбалар орталығының сирек жәдігерлері қойылды. Кішкентай оқырмандар да назардан тыс қалған жоқ. «Балалар жылына» орай мұнда «Оқимыз, жазамыз, сурет саламыз!» атты шығармашылық сағаты ұйымдастырылды. Кітап сүйер аудиторияны кеңейтуге бағытталған осы тектес шаралар әлі де жалғасын таппақ.

Нұржан Жолдыбалинов, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директорының міндетін атқарушы:

– Мақсатымыз бастапқы ол – оқырман ұлтын құру. Кішкентай балаларды кітап сүйер қауымға, кішкентай буындарымызға кітаптың құдіретін түсіндіру. Осы жұмыстың мақсатында біз үлкен іс шара өткізіп жатырмыз және де өздеріңіз байқасаңыздар, мысалы, күз айларында көптеген азық-түлік жәрмеңкелері көп өтеді. Бірақ, шын айтқандай, рухани жәрмеңкелер өте аз, өкінішке орай. Міне біз соны, Ұлттық академиялық кітапхана бастап және бұл істі әрі қарай да жалғасын табады деп біз сенеміз.