Қазақстан мен Қытай әуе апаты кезінде адамдарды құтқару мен іздеуде ынтымақтаса жұмыс істейді

Оның айтуынша, Қытаймен келісім 2019 жылдың күзінде Бейжіңде жасалған. Оның мақсаты – апатқа ұшыраған жолаушылар мен экипаждарды іздеу және құтқару үшін мемлекеттер арасында ынтымақтастықты ордан әрі арттыра түседі. Сондай-ақ келісім аясында екі жақтың іздестіру-құтқару жұмыстарының бірлескен оқу-жаттығулары ұйымдастырылады. Сонымен қатар қос ел мамандары өзара тәжірибе алмаса отырып, білім шыңдайды.

Сүйіндік Алдашев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Екіншіден. Барлық іздеу-құтқару жұмыстары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумағында, сондай-ақ іргелес аудандарда әрбір мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Үшіншіден, әр тарап өз ауданында азаматтық әуе кемелерін іздеу және құтқару қызметкерінің жауапкершілігін, қолжетімділігін және олардың тәулік бойы кезекшілігін қамтамасыз етеді. Төртіншіден. Келісім тараптардың авиациялық оқиға туралы өзара хабарлау және екінші тараптан көмек сұрау туралы міндетін көздейді.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ШВЕЙЦАРИЯ БАҒАЛЫ МЕТАЛЛ БҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ СЫНАМАЛЫҚ ТАҢБАНЫ ӨЗАРА ТАНИДЫ

Сондай-ақ Сенатта ратификацияланған тағы бір заң ол – Қазақстан мен Швейцария арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара тану келісімі. Құжат елдер арасындағы бағалы металдан жасалған зергерлік бұйымдар саудасын дамытуға және металдың құрамын қайта тексеру және қосарланған маркалау процедурасын оңтайландыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, келісімге 21 қарашада Женевада қол қойылды.