Сенаторлар Қ.Тоқаевтың Нью-Йорке барған сапарына қатысты пікір білдірді

Қазақстан кезекті рет халықаралық бітімгершілік қызметтің көшін бастады. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының пікірсайысында сөйлеген сөзінде әлемдік сын-қатерлердің ауқымын айқындап, жаһандық дағдарысты шешу жолдарын ұсынды. Парламенттің жоғары палатасының депутаты Әли Бектаевтың пікірінше, қазақстандық көшбасшының бастамалары адамзаттың мүддесін қорғаудың қамы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың біздің еліміз азық-түлік жеткізу бойынша өңірлік хабқа айналуға дайын екендігі туралы мәлімдемесі көптің назарына ілікті. Бұл қадам Орталық Азиядағы шиеленістің ширауына серпін бермек. Яғни аймақтың экономикалық тұрғыда қарқын алуына қолайлы ахуал қалыптастырады. Жалпы, Президенттің Нью-Йоркке жұмыс сапарының бағдарламасы мен кездесулерінің кестесі аймақтық көшбасшылықпен қатар әлемдік деңгейдегі еліміздің беделін танытты, - дейді саясаткерлер.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
- Президент әдеттегідей өте өткір мәселелерді көтерді. Менің ойымша, бұл Мемлекет басшысының тарихи сапары болды.  Онда барлық маңызды тақырыптар қамтылды. Президенттің беделі мен оның дипломатиялық тұрғыдан алатын орны мемлекеттер арасында, әсіресе біздің еліміздің дамуында өте үлкен әсері тиетіні сөзсіз. Біз осы сапардан Қазақстан экономикасына инвестиция тарту бағытында және әлемдегі геосаяси жағдайды шешуде үлкен нәтижелер күтеміз.