Қазақстанның ішкі саясатының негізгі қағидаттары бекітілді

Қазақстанның ішкі саясатының негізгі қағидаттары бекітілді

Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Аталған құжат бірінші кезекте мемлекеттік органдарға арналған. Басты мақсаты – ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелеу әрі үйлестіру. Онда «Заң және тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт», «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» секілді ішкі саясат қағидаттары қамтылған. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай отырыстарында көтерілген жалпыұлттық құндылықтардың тізбесі енгізілді. Жалпыұлттық бірегейлікті танытатын ұлттық нышандар жүйесі жасалды.