Президент мемлекеттік наградалар табыстады
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Равиль
Шырдабаевқа «Отан» орденін табыстады. Президент қайраткерді мерейлі жасымен
құттықтап, ел үшін еткен еңбектерін ерекше атап өтті. Равиль Шырдабаев
мұнай-газ саласын өркендету жолында мол еңбек еткен. Әрі, Дипломатия саласында
жұмыс істеп, еліміздің халықаралық беделін нығайтуға атсалысқан. Сонымен қатар,
Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпановты I
дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. білікті дәрігер, «алтын қолды хирург» ретінде
Серік Тоқпановтың саналы ғұмырын ұлт саулығы үшін еңбек етуге арнағанына
тоқталды. Айта кетейік, Серік Тоқпанов 50 жылдан астам уақыт денсаулық сақтау
саласында еңбек етіп келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жоғары мемлекеттік
марапат — ел игілігі үшін жасалған табанды еңбектің лайықты жемісі. Сондай-ақ, жұртымыздың шынайы ықыласы мен зор алғысы екенін де тілге тиек етті.

