Қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады

Қазақстандықтар декларация тапсырудан босатылады

8 миллион отандасымыз декларация тапсырудан босатылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. Әуелде мүлкі мен табысы туралы деректерді 13 миллион адам тапсыруға міндеттелген. Бүгінге дейін оның шамамен 5 миллионы базаға тіркелді. Ал, қалған азаматтардың активтері туралы ақпарат келер жылы арнайы цифрлық платформаға енгізіледі. Демек, енді декларация тапсырудың қажеті жоқ. Бірақ, шетелде мүлкі бар азаматтар жеке деректерін ұсынудан босатылмайды.