Еуропалық Парламент депутаттары Қазақстанға келеді

Еуропалық Парламент депутаттары Қазақстанға келеді

Қазақстан мен Еуроодақ Кеңейтілген әріптестік туралы келісімді жүзеге асыру мәселелерін талқылайды. 21 тамызда елімізге Еуропалық парламент Сыртқы істер комитетінің депутаттары келеді, деп Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Делегация жоспарында Мемлекеттік кеңесшімен, Мәжілістің Халықаралық істер және қорғаныс комитетінің төрағасымен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесулер  өткізеді. Келіссөздер барысында тараптар визалық режимді жеңілдету, климаттың өзгеруі және жасыл энергетика, шикізат саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырмақ. Жалпы, Еуропарламент өкілдері сапары  барысында өзара іс-қимылдың 29 саласы қамтылмақ.