2 мың адам әскери резервке шақырылады
Биылдан бастап ерікті түрде 2 мың адам әскери резервке
шақырылады. Мақсат – мобилизациялық машықты жетілдіру. Сенат құжатты екі
оқылымда талқылап, түбі бекітті. Енді заңға сәйкес резервтегі әскерилермен 3
жылға келісім шарт түзіледі. Оқу жылына 60 күннен аспайды. Әр айда 3 күн жаттығу
жасайды. Әлбетте кез-келген адамды сапқа тұрғызбайды. Үміткер мерзімді әскери
қызмет немесе әскери кафедраны бітіруі тиіс. Қатардағы сарбаз бен сержанттардың
жасы 47-ден аспауы керек. Офицерлік құрамға 57 жасқа дейінгілер алынады.

